КГУ «Боровская школа – гимназия им. Габбаса Жумабаева отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Ресми интернет-ресурс

Гуманитарлық цикл пәндері апталығының қорытындысы

Previous Next

Өткізілу мерзімі: 26.01 – 30.01.2026 жыл

Мақсаты: Оқушылардың гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

     Апталық барысында ағылшын тілі, тарих және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері бекітілген графикке сәйкес ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды. Сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысып, әдістемелік тұрғыдан талдау жасады. Әр сабақтан кейін мұғалімдерге оң кері байланыс беріліп, озық тәжірибелер атап өтілді.

     Пән апталығы аясында оқушылардың білімін ұштау мақсатында қызықты зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды: «Гуманитарлық ринг» (29.01): 5-8 сынып оқушылары арасында өткен бұл ойында оқушылар тіл білімі мен тарих саласы бойынша білімдерін сынады. Қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, тапқырлықтарымен көзге түсті. «IQ батл» (30.01): 9-11 сынып оқушылары арасындағы тартысты дода. Жоғары сынып оқушылары логикалық сұрақтар мен күрделі тапсырмаларды орындау барысында өздерінің интеллектуалдық деңгейлерін көрсетті.

     Гуманитарлық цикл апталығы жоспарланған деңгейде, жоғары белсенділікпен өтті. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тарихи санасын және тілдік дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізді. Апталық соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Записаться на прием