28.04.2025 жылы “Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы” КММ Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушы қыздары арасында “Көктем аруы-2025” байқауы өтті. Байқауға жеті ару қызымыз қатысып, бақ сынады. 4 кезеңдік жарыста оза шауып жеңімпаз атаған қыздарға тәж тағылып, лента ілінді. Қазылар алқасында төрәйімдік еткен Меңдіқара ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бирманова Алмагүл Алданышқызы байқауға қатысушы қыздардың өнері мен шығармашылық қабілеттеріне тәнті болғандығын айтып, өз алғысын білдірді.Байқау қорытындысы негізінде “Көктем аруы-2025” атағын жеңіп алған 2 “Ә” сынып аруы Жундубаева Дария “Вице ару-2025” атағын жеңіп алған 4 “А” сынып аруы Жанайым Дәуренқызы. Барша аруларды шын жүректен құттықтаймыз, байқауды ұйымдастырған Парламентке шығармашылық табыс тілейміз.
Жаңалықтар
28.04.2025 жылы “Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы” КММ Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушы қыздары арасында “Көктем аруы-2025” байқауы өтті. Байқауға жеті ару қызымыз қатысып, бақ сынады
Қаралды: 61