КГУ «Боровская школа – гимназия им. Габбаса Жумабаева отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Официальный интернет-ресурс

Волейбол

Previous Next

Мектептегі жалпы дене тәрбиесі жүйесі болашақ жеткіншектердің тек денсаулық сақтау мақсатында ғана жүргізілмей, олардың жан-жақты дамуының негізгі кепілі.
Демек, дене тәрбиесі жұмысы дұрыс жолға қойылған мектептерде ғана оқу
ісі мен тәрбие жұмысы нәтиже береді. Дене тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ең әуелі сабақ қызықты да оқушылар үшін тиімді өту керек. Сабақ тиімді өту үшін мұғалім әр сыныптың бағдарламасын жақсы білу керек, сонда ғана мектепте дене тәрбиесіне қатысты оқу тәрбие жұмысы өзінің нәтижесін береді. Бұл методикалық нұсқау 7-8 сыныптарға арналған негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі сабағының сапасын жақсартуы мен қатар, жекелеген спорт түрімен мамандандыру. Айталық, кейбір мектептерде спорттық ойындардың жекелеген түрінен жоғарғы көрсеткіштері бар, яғни жақсы дамыған, онымен қоса мектеп бағдарламасын өту үшін де бұл методикалық нұсқауды пайдалануға болады. Бағдарлама қаншалықты қортынды өзгертіліп, жаңартылғанымен сабақтың тиімділігі мектеп мұғаліміне, сабақты өткізгендігі методикалық ұйымдастыру жұмысына байланысты. Олай дейтін себебім, мектептің жекелеген спорт түрімен мамандану әсіресе волейболды дамытуды дұрыс жолға қою тек мектеп мұғаліміне байланысты.

Записаться на прием