Сейсенбі күні география пәнінен «Халық санағы» тақырыбында сабақ өтті. Сонымен қатар химия пәнінен «Күкірттің қосылыстары», физика пәнінен қысым формуласы арқылы есеп шығару, биология пәнінен «Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар» тақырыптары қамтылды.
Оқушыларға арнап география, химия, физика, информатика, математика, биология пәндерін біріктірген «STEM квест» және «Математикалық регата» сайыстары өткізілді.
Өткізілген сабақтар мен іс-шаралар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау, тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды.





