КГУ «Боровская школа – гимназия им. Габбаса Жумабаева отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Официальный интернет-ресурс

«Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023–2025 жылдарға арналған “Бала қорғау” кешенді жоспары» және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2025 жылғы 3 қарашадағы №7

Previous Next

«Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023–2025 жылдарға арналған “Бала қорғау” кешенді жоспары» және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2025 жылғы 3 қарашадағы №783 бұйрығы негізінде, мектебімізде 5–11 сынып ата-аналары үшін аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында:
🔶Теориялық бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Э.Е. мен әлеуметтік педагог Шынтеміров Е.Ғ. ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет кеңістігіндегі тәуекелдердің алдын алу, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
🔶Мектеп психологы ата-аналармен практикалық тренинг өткізіп, бала психологиясын түсіну мен эмоциялық қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар жасатты.

🔶Жиналыстың мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, жасөспірімдердің психикалық және эмоционалдық саулығын сақтау, аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу бойынша ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, отбасында жылы, сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндіру, балаларға қолдау мен қамқорлық көрсету арқылы олардың өзін қауіпсіз әрі бағалы сезінуіне ықпал ету.
@kost__bilim
@kst_bilim_bolimi
@mendikara.bb.2020

Мектеп директоры: Уразбеков К.Д

Записаться на прием