Мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алдағы күндері ашық сабақтар, мәнерлеп оқу сайысы,интеллектуалдық ойындар мен сахналық қойылым,спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Апталық барша ұстаздар мен оқушыларға шабыт пен жаңа жетістіктер әкелсін!





