КГУ «Боровская школа – гимназия им. Габбаса Жумабаева отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Официальный интернет-ресурс

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында мемлекеттік тілдерді оқыту және медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік тілге жеті қадам» атты облыстық форумы өтті

Previous Next
Ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында мемлекеттік тілдерді оқыту және медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік тілге жеті қадам» атты облыстық форумы өтті. Мектебіміздің 7-сынып оқушысы Просапчук Милана осы сайысқа 3 ай бойы онлайн қатысқан болатын. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында Милана оқушылардан сауалнама алып, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай бейнебаян дайындады, ертегі кейіпкерлерінің бірін таңдап, сол бойынша өзі жаңашыл хикая ойлап тапты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында Милана қолынан келгенін аянбады.
Оқушымыз Милана мен 3 ай бойы осы сайысқа дайындаған жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметқалиева Алмагүл Бақытбекқызы Қостанай облысы әкімінің орынбасарының алғыс хатын иеленді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, алдағы жылдың мамыр айында жетекшісі мен оқушы Амангелді, Жангелді аудандарына 10 күндік этно-мәдени жазғы лагеріне жіберілетіндігін айтты.
Записаться на прием